Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрығымен бекітілген
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша декларацияға (530.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығының 4-тармағына сәйкес ереженің қолданысы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылғы 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде туындаған қатынастарға қолданылады
ҚР Қаржы министрінің 2010.30.06. № 311 Бұйрығымен мәтіні бойынша «2010 жылдың 13 тамызына дейін» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарына дейін» деген сөздермен ауыстырылды, «2010 жылдың 13 тамызынан бастап» деген сөздер «2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша салық есептілігін (декларация) жасау (2010.30.06. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін есептеуге арналған салық есептілігі нысандарын (бұдан әрі - Декларация) осы Ережелерге сәйкес өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша жасау тәртібін анықтайды. Өнімді бонусы бойынша Қазақстан Республикасының үлесі бойынша Декларацияны өнімді бонусы үлесу туралы келісім-шарттар жасаған жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (530.00-нысан) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшаларынан (530.01-ден 530.03дейінгі нысандар) тұрады 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөзді толтырылмайды. 5. Тиісті көрсеткіштердің мәнін ашуды қажет ететін Декларациядағы жолдарды толтыру кезінде Декларацияға қосымшалар міндетті түрде жасалады. 6. Декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер жоқ болған кезде оған қосымшалар жасалмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|