Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияға (110.00-нысан) қосымша Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпорациялық табыс салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес корпорациялық табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларациясын) (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны салық режимінің тұрақтылығы көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартқа сәйкес қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. 2. Декларация Декларацияның өзінен (110.00 нысаны) және салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшалардан (110.01-110.18 нысандары) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшірулерге жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Декларацияға қосымшалар Декларациядағы тиісті көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалады. 6. Декларацияға қосымшалар оларды көрсетілуі тиіс деректер жоқ болған кезде жасалмайды. 7. Декларациядағы қосымша парағындағы жолдар көрсеткіштерінің саны асып кеткен жағдайда Декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 8. Осы Ержеде мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 9. Сомалардың теріс мәндері Декларацияның тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақ торкөзінде «-» белгісімен белгінеді. 10. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, бас баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|