Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Коммерциялық табу бонусы бойынша декларацияға (520.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігін (декларация) жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Коммерциялық табу бонусы бойынша салықты есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) коммерциялық табу бонусы бойынша салық есептілігі (декларация) нысандарын жасау тәртібін айқындайды. Коммерциялық табу бонусы бойынша Декларация жер қойнауын пайдалануға жасалған әрбір бөлек келісім-шарт бойынша, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттар шеңберінде, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде келісім-шартта көрсетілген территорияда пайдалы қазбаларды коммерциялық табу туралы жариялаған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (520.00-нысан) және пайдалы қазбаларды өндіруге салық міндеттілігін есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (520.01-нысанынан) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін, Декларация жолдарын толтыру кезінде Декларацияға қосымша міндетті түрде толтырылады 5. Декларацияға қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асқан жағдайында, Декларацияға қосымшаның осындай парағы толтырылады. 6. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі. 7. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|