Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Үстеме пайда салығы бойынша декларацияға (540.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігін жасау
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және үстеме пайда салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшасына сәйкес үстеме пайда салығы бойынша салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Үстеме пайда салығы бойынша декларацияны өнімді бөлу туралы келісімдер (келісім-шарттар), Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт, пайдалы қазбалардың басқа түрлерін өндіруді көздемейтін, кең таралған пайдалы қазбаларды, жер асты суларын және (немесе) емдік балшықтарды барлауға, барлау және өндіруге немесе өндіруге арналған келісім-шарттар, сондай-ақ барлау және өндіруге байланысы жоқ жер асты ғимараттарының құрылысына және пайдалануына арналған келісім-шарттар бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылардан басқа, жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт бойынша жеке толтырады. 2. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде Декларацияның тиісті тор көздері толтырылмайды. 4. Соманың теріс мәні Декларацияның тиісті жолының бірінші сол жақ торкөзінде « - » белгісімен көрсетіледі. 5. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|