Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі декларацияға (560.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігін (декларация) жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемді есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық есептілігі (декларация) нысанын жасау тәртібін айқындайды. Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі Декларация, жер қойнауын пайдалануға келісім-шарт жасауға дейін геологиялық зерттеуге және тиісті шартты территорияны әзірлеуге мемлекет шығындары жұмсалған пайдалы қазбалар кен орындары бойынша, Қазақстан Республикасының заңдылығымен белгіленген тәртіпте жер қойнауын пайдалануға жасаған келісім-шарт жасаған жер қойнауын пайдаланушылармен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (560.00-нысан) және Тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем жөніндегі салық міндеттілігін есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (560.01-нысанынан) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Декларацияға қосымша парағында бар жолдардағы көрсеткіштер саны асқан жағдайында, Декларацияға қосымшаның осындай парағы толтырылады. 5. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде « - » белгісімен көрсетіледі. 6. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|