Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Экспортқа арналған ренталық салық бойынша декларацияға (570.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігін (декларация) жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және экспортқа арналған ренталық салықты есептеуге арналған, осы Ережелер қосымшасына сәйкес (бұдан әрі - Декларация) экспортқа арналған ренталық салық бойынша салық есептілігі нысанын жасау тәртібін айқындайды. Экспортқа арналған ренталық салық бойынша Декларация шикі мұнай, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңды тұлғалармен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (570.00-нысан) және экспортқа арналған ренталық салықты есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (570.01-нысанынан) тұрады. 3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер жоқ болғанда Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Тиісті көрсеткіштерді нақтылауды қажет ететін, Декларация жолдарын толтыру кезінде Декларацияға қосымша міндетті түрде толтырылады. 6. Есепте соманың теріс мәні тиісті жолдың бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі. 7. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабын 3 тармағына сәйкес салық төлеушімен немесе оның өкілімен қол қойылады және салық төлеушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген жағдайларда өз мөрі бар, оның өкілінің мөрімен расталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|