Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының төлемі бойынша декларацияға (580.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемін есептеуге арналған, осы Ережелерге сәйкес, өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауының пайдаланушының қосымша төлемі бойынша салық есептілігі нысандарын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауының пайдаланушының қосымша төлемі бойынша Декларацияны Өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды. 2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі. 5. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 6. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабын 3 тармағына сәйкес салық төлеушімен немесе оның өкілімен қол қойылады және салық төлеушінің немесе Қазақстан Республикасының заңдылығында белгіленген жағдайларда өз мөрі бар, оның өкілінің мөрімен расталады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|