Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 бұйрығымен бекітілген
Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық қорларына аударымдар есебіне (651.00-нысан) қосымша
Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық қорларына аударымдар есебін жасау 1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасымен салық режимі тұрақтылығына кепілдік берілген заңдармен белгіленген ретте Қазақстан Республикасымен жасалған келісім-шарттар бойынша (бұдан әрі-келісім-шарттар) жұмыс істейтін салық төлеушілермен Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталық қорларына аударымдар есебін жасау (бұдан әрі - Есеп) тәртібін анықтайды. 2. Есепті жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды. 5. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 6. Есепті беру кезінде: 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады; 2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады; 3) электронды түрде - салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігінің салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесімен қабылданғандығы немесе қабылданбағандығы туралы хабарлама алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|