Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Көлік құралдары салығы бойынша Ағымдағы төлемдер (701.00-нысан) қосымша
Көлік құралдары салығы бойынша Ағымдағы төлемдер есебін жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және ағымдағы салық кезеңінің 1 шілдесіне дейін меншік құқығындағы, шаруашылықты жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару құқығындағы, сонымен қатар қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің салық есептілігі нысанын (есебін) (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есеп Салық кодексінің 365-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен толтырылады. 2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 4. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 5. Сомалардың теріс мәні тиісті жолдың бірінші сол жақ торкөзінде « - » белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 7. Қаржы лизингі шарттары бойынша берілген (алынған) объектілер бойынша Есепті лизинг алушы толтырады және табыс етеді. 8. Декларацияға Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|