Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген
Жер телімдерін пайдаланғаны үшін ағымдағы төлемдер сомасының есебіне (851.00-нысан) қосымша
Жер телімдерін пайдаланғаны үшін салық есептілігін (ағымдағы төлемдер сомасының есебі) жасау
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық есептілігінің нысанын (ағымдағы төлемдер сомасының есебі) (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Есепті жеке кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, Салық кодексінің 478-бабында айқындалған төлемақы төлеушілер жасайды. 2. Есеп осы Есептің өзінен (851.00 нысан) және жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем алу объектілері туралы ақпаратты ашу жөніндегі оған қосымшадан (851.01 нысан) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға, өшіруге жол берілмейді. 4. Тиісті торкөздердің көрсеткіштері жоқ болған кезде толтырылмайды. 5. Есепке Қосымша тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін Есепте жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 6. Есепке Қосымша онда көрсетуге жататын деректер жоқ болған кезде толтырылмайды. 7. Есепке Қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, Есепке Қосымшаның осыған ұқсас парағы қоса толтырылады. 8. Осы Ережелерде келесі арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х»-көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 9. Сомалардың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақ торкөзіне «-» белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта келу тәртібімен- қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|