Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияға (910.00-нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны - салық есептігін жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және жеке (корпорациялық) табыс және әлеуметтік салықтарды, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге арналған Осы Ереженің қосымшасына сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияны - салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларация оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілерімен жасалады. 2. Декларация Декларацияның өзінен (910.00 нысаны) және оған салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған қосымшадан (910.01 нысан) тұрады. 3. Көрсетуге жататын деректер жоқ болған жағдайда Декларацияға қосымша жасалмайды. 4. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Осы Ережеде келесі арифметикалық таңбалар қолданылады: «+» - қосу; «-» - алу; «х» - көбейту; «/» - бөлу; «=» - тең. 7. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «-» белгісімен көрсетіледі. 8. Декларацияны жасау кезінде: 1) қағаз тасығышта - Декларация қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады; 2) электрондық тасығышта - Декларация Салық кодексінің 68 - бабына сәйкес толтырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|