Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 574 Бұйрығымен бекітілген Патент алу үшін есебіне (911.00 нысан) қосымша
Осы редакция 2010 жылғы 30 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Патент алу үшін салық есептілігін - есепті жасау
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және патент құнын есептеуге арналған осы Ережеге қосымшаға сәйкес салық есептілігі нысанын - Патент алу үшін есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды. Патент құнына жеке табыс және әлеуметтік салықтары кіреді. Есепті патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер жасайды. 2. Есеп Есептің өзінен (911.00-нысан) және патентті алу үшін қажетті ақпаратты көрсетуге арналған оған қосымшадан (911.01 нысаны) тұрады. 3. Есепті толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 4. Көрсеткіштер болмаған кезде Есептің тиісті торкөздері толтырылмайды. 5. Есепке қосымша Есепте тиісті көрсеткіштерді ашуды талап ететін жолдар толтырылған кезде міндетті тәптіпте жасалады. 6. Есепке қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда Есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 7. Осы Ережеде мынадай арифметикалық таңбалар қолданылады: «-» - алу; «х» - көбейту. 8. Соманың теріс мәні Есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «-» белгісімен белгіленеді. 1) қағаз тасығышта - қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады; 2) электронды тасығышта - Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады. 10. Есепке Салық кодексінің 61-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеуші не болмаса өкілі қол қояды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда оның атауы жазылған мөрі бар салық төлеушінің не болмаса оның өкілінің мөрімен куәландырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|