Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы, жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы және Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия туралы ережелерді бекіту туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже; 2) Жоғары білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдау кезінде құрылатын апелляциялық комиссия туралы ереже; 3) Білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық конкурстық комиссия туралы ереже бекітілсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Г. Доғалова): 1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М. Н. Сарыбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 22 маусымдағы № 321 бұйрығыменбекітілген
Талапкерлерді кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Талапкерлердің кешенді тестілеуін жүзеге асыратын жоғары оқу орнында кешенді тестілеуді ұйымдастыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін талапкерлердің кешенді тестілеуін ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|