Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификат ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификат ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде: 3-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «сериялы өндіріс тауары - шығарылуы ұзақ уақыт бойы кәсіпорында біртекті өнімнің салыстырмалы түрде ауқымды номенклатурасын бір мезгілде дайындаумен сипатталатын жеке топтамалармен қайталанатын тауар;»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Мыналар: 1) елдің аумақтық суларында (теңіздерінде) немесе оның құрлықтық қайраңында оның жер қойнауынан өндірілген пайдалы қазбалар; 2) осы елде өсірілген немесе жиналған өсімдік тектес өнім; 3) осы елде туған және (немесе) өсірілген тірі жануарлар; 4) осы елде өсірілген жануарлардан алынған өнім; 5) осы елде аңшылық немесе балық аулау кәсіпшілігінің нәтижесінде алынған өнім; 6) осы елдің кемесімен ие ол жалға алған (кіреге алған) кемемен алынған теңізде балық аулау кәсіпшілігінің өнімі мен теңіз кәсіпшілігінің басқа да өнімі; 7) осы елдің қайта өңдеуші кемесінің бортында осы баптың 6) тармақшасында көрсетілген өнімнен ғана алынған өнім; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|