Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 21 қыркүйектегі № 650 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жылу электр станцияларының қазандықтарына отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 47, 562-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «қазандықтарына» деген сөз «қазандық қондырғыларына» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген «Жылу электр станцияларының қазандықтарында отынның әр түрін жағу кезінде қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар» техникалық регламентінде: тақырыбындағы «қазандықтарында» деген сөз «қазандық қондырғыларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақта: «қазандықтарында» деген сөз «қазандық қондырғыларында» деген сөздермен ауыстырылсын; «энергетикалық блоктарының» деген сөздер алып тасталсын; бірінші бөлігіндегі «электр энергиясын өндіру жөніндегі энергетикалық блоктардың қазандықтарына (бұдан әрі - қазандық)» деген сөздер «ЖЭС қазандық қондырғыларына» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Техникалық регламентті қолдану мақсаттары үшін қоршаған ортаға шығатын эмиссияларға қойылатын талаптар қолданылатын қазандық қондырғыларын сәйкестендіру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган бекіткен қазандық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану ережесіне сәйкес қазандық қондырғыларын жасаушының ілеспе құжаттамасының негізінде жүзеге асырылады. Жағатын отын түріне қарай қазандық қондырғылары: 1) көмірмен: 2) мазутпен; 3) газбен; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|