|
2010-2011 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 377 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2010-2011 оқу жылына облыстық бюджет есебінен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін. 2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес республикалық бюджет есебінен макроөңірлердің экспорттық мамандануын іске асыру үшін «Жол картасы» бойынша техникалық және қызмет көрсету мамандарын даярлауға 2010-2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 3. «Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Б.Көмекбаева), «Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ж.Исмаилов), «Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (М.Әлі) 2010-2011 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Бектаевқа жүктелсін.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|