«Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жануарлардың жұқпалы ауруларын алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 12 қарашадағы № 665 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3273 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде жарияланған, 2005 ж., № 18, 154-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспеде «8» деген сан «9» деген санмен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекцияларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлардың Ауески ауруының алдын-алу және жою жөніндегі ветеринариялық ережеде: кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілген, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында, жайылымда, өндірістік және мал шаруашылығы үй-жайларында Ветеринариялық ережелерге сәйкес үнемі кеміргіштермен күрес жүргізеді.»; 3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) бөгде адамдардың қолайсыз объектінің аумағына кіруіне жол бермеу, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды тоқтату;»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|