Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 және 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы № 1085 қаулысында: көрсетілген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 - 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарында: «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу» деген бөлімде: үшінші бөліктің 2-тармағындағы «және 2009 жыл бойы іске асырылуын» деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы он төртінші абзацпен толықтырылсын: «Самұрық-Қазына» қоры заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік объектілерінің құрылысын аяқтауға құрылыс салушылармен кредиттік шарттар жасасуы мүнкін. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» қоры ұсынған көрсетілген кредиттерді берудің негізгі шарттарын Үкімет мақұлдайды.»; 2) «Тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды аяқтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1163 қаулысында: 2-тармақта: 19), 20), 21) тармақшалар алынып тасталсын; 29) тармақшадағы «аспайды.» деген сөз «аспайды;» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 30) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|