Азаматтық талапты қылмыстық процесте қарау туралы
Осы редакция 2010 жылғы 25 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтық талаптарды қылмыстық процесте қаралуын реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңнамасын дұрыс әрі біркелкі қолдану мақсатында Қазақтан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді: 1. Азаматтық талапты Қазақтан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде (бұдан әрі - ҚІЖК) көзделген тәртіппен қылмыстық іспен бірге қарау, қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы жағдайдағы адамдардың қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетiмен өздеріне моральдық, күш қолдану арқылы немесе мүліктік зиян келтірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін дер кезінде қорғаудың кепілі болып табылады. Соттар осыған байланысты қылмыстық істерді қарау кезінде қойылған азаматтық талаптарды материалдық және процессуалдық заңдардың талаптарын сақтай отырып дұрыс шешуді қамтамасыз етуге тиіс. ҚІЖК-нің 2-бабының екінші бөлігіне және 162-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, қылмыстық процесте азаматтық талапқа қатысты мәселелер қылмыстық іс жүргізу заңының негізінде шешіледі. Іс жүргiзу қатынастары ҚІЖК-мен реттелмеген жағдайларда азаматтық iс жүргiзу заңнамасының нормалары осы Кодекске қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады. 2. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде анықтаушы, тергеуші, прокурор немесе сот азаматқа немесе заңды тұлғаға, егер іс бойынша қылмыспен немесе есi кiресiлi-шығасылы адамның қоғамға қауіпті әрекетімен оларға мүліктік залал немесе моральдық зиян келтірілгенін байқаса, олардың азаматтық талап қою құқығын түсіндіреді. 3. Адамдар азаматтық талап қойғаннан кейін азаматтық талапкер деп танылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|