|
2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы
Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі № 8/1-11/2579 Хатымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 2-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 2. 2-қосымшаға сәйкес Жол картасы шеңберінде макроаймақтарды дамытудың индустриалды-инновациялық жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын 2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін. 3. Павлодар облысының білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын заңнамамен белгіленген тәртіпте тиісті оқу орындарында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымоваға жүктелсін.
2010 жылғы 28 шілдедегі № 175/12 қаулысына 1-қосымша
Мемлекеттік білім беру кәсіпорындарында, басқа да ұйымдық-құқықтық нысандағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға облыстық бюджеттен қаржыландырылатын 2010 - 2011 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|