|
Мүлікті есептен шығару бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мүлікті есептен шығару бойынша қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулының күші 2009 жылдың 9 маусымынан бастап қалыптасқан құқықтық қатынастарға таратылады. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбековке жүктелсін. 4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
16.07.2010 жылғы № А-7/251 қаулысымен бекітілді
Мүлікті есептен шығару бойынша нұсқаулық
1. Осы мүлікті есептен шығару бойынша Нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және физикалық және моральдық тозу салдарынан, зілзала, апат нәтижесінде жарамсыз болған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға (бұдан әрі - мемлекеттік кәсіпорындар) және коммуналдық мемлекеттік мекемелерге (бұдан әрі - мемлекеттік мекемелер) бекітілген мүлікті есептен шығаруды нақтылайды. 2. Нұсқаулық негізгі қаражаттарға (активтерге) жататын мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүлкіне таралады. 3. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің мүліктерін есептен шығаруға қажетті құжаттарды ресімдеу осы Нұсқаулықтың 9-тармағымен белгіленген талаптарды есепке ала отырып, осы Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес құрылған Комиссияның қорытындысы негізінде жүзеге асырылады. 4. Комиссия мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме басшысының бұйрығымен құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|