Басқарушылар кеңестерiндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерiн тағайындау туралы (2009.07.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкiне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепiлдiгiнiң Көпжақты Агенттiгiне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкiне, Азия Даму Банкiне, Ислам Даму Банкiне мүшелiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңы 3-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 20.09.02 ж. № 1041; 20.03.03 ж. № 275 (бұр. ред. қара); 19.06.03 ж. № 576; 02.07.03 ж. № 643; 12.11.03 ж. № 1132; 05.03.04 ж. № 281а (бұр. ред. қара); 15.04.04 ж. № 418; 27.09.04 ж. № 986 (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2005.22.04. № 382 (бұр. ред. қара); 2006.20.03. № 190 (бұр.ред.қара); 2006.20.06. № 564 (бұр.ред.қара); 2007.26.02. № 145 (бұр.ред.қара); 2007.26.09 № 838 (бұр. ред. қара ); 2008.25.01. № 66 (бұр.ред.қара); 2008.16.05. № 462 (бұр. ред. қара); 2008.28.11. № 1105 (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2009.20.03 № 377 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 664 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді 1. Мыналардың Басқарушылар кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкiлдерi болып: 1) Халықаралық Валюта Қорының: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Марченко Григорий Александрович (келісім бойынша), Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Смайылов Әлихан Асханұлы. 2) Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов 3) Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Жәмішев Болат Бидахметұлы, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Мұратұлы Сүлейменов 4) Азия Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов; 5) Ислам Даму Банкінің: Басқарушы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов, Басқарушының орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Ерболатұлы Дәленов. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
|