Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 шілдедегі № 619 бұйрығымен күші жойылды
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының балаларына аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ереже бекітілсін. 2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру бойынша шаралар қабылдасын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (Нұрғазиев Қ.Ш.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 5. «Қазақстан Республикасында балаларға аллергологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсанды № 702 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5505 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 49 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі С.З. Қайырбековаға жүктелсін. 7. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денсаулық сақтау министрінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|