ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 561 бұйрығына 1-қосымша
«Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. Осы «Мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитарлық ереже) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілерін жобалауға, күтіп-ұстауға, объектілердегі жабдыққа, санитариялық-тұрмыстық үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Гигиеналық критерийлер бойынша мұнай өндіретін объектілерге мынадай негізгі өндірістер мен жұмыс түрлері жатады: 1) мұнаралық құрылыстар (бұрғылау қондырғыларының құрылысы); 2) барлау жүргізетін және пайдаланатын мұнай ұңғымаларын бұрғылау; 3) мұнай кен орындарын пайдалану (өндіру, мұнайды алғашқы және кешенді дайындау, қосымша газды өндіру); 4) ұңғымаларды күрделі және ағымдық жөндеу; 5) ұңғымаларды сынақтан өткізу және игеру; 6) тығындау жұмыстары. 3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) мұнай өндіретін өнеркәсіп объектілері - мұнай және мұнайгаз кен орындарына барлау және әзірлеу, көмірсутегі шикізаттарын өндіру бойынша мұнай операцияларын жүзеге асыратын өнеркәсіп саласы; 2) құрғақ климат - ауаның жоғарғы температурасы қалыптасқан және атмосфералық жауын-шашын аз түсетін құрғақ климат; 3) атмосфераның жерге жақын қабаты - жердің бетінен бірнеше он метрлік биіктіктегі атмосфераның шекаралық қабатының бөлігі; 4) өнім беретін қабаттар - мұнай және газды түзілімдер.
2. Мұнай өнеркәсібі объектілерін жобалауға және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|