ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 593 бұйрығымен бекітілген
«Балаларды сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. Осы «Балаларды сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) қызметі балалардың емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және бос уақытын мәдени ұйымдастырумен байланысты, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналған. 2. Балаларды сауықтыру объектілерінің бірінші басшылары және қызметі балалардың емдеу-сауықтыру, дене шынықтыру-сауықтыру, оқу-тәрбие жұмыстарын және бос уақытын мәдени ұйымдастырумен және жүзеге асырумен байланысты жеке тұлғалар осы санитариялық ереже талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. 3. Осы санитариялық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды: 1) балаларды сауықтыру объектілері - 6 және 18 жас аралығындағы балалар үшін оқу-тәрбие, дене шынықтыру-сауықтыру, емдеу-сауықтыру қызметін және мәдени дем алуды жүзеге асыру жөніндегі объектілер; 2) аэрарий - ауа ваннасын қабылдау үшін жабдықталған қалқа, алаң; 3) Кетле индексі - дене дамуын гармониялық бағалау көрсеткіші; 4) инсоляция - алаңды, үй-жайды, ғимараттарды гигиеналық бағалау үшін күн радиациясының нормалық көрсеткіш; 5) климаттық аймақ - климаттық белгілері бойынша (температура, ылғалдылық) бөлінетін аумақ; 6) Генч сынамасы - тыныс алу жүйесінің жұмыс істеу жағдайын бағалайтын көрсеткіш; 7) солярий - күн ванналарын қабылдауға арналған жабдықталған алаң, үй-жай; 8) бракераж - органолептикалық көрсеткіштер бойынша тағам өнімдері мен дайын тағамдардың сапасын бағалау; 9) нормативтік құжаттар - стандарттар, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық ережелер; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|