|
ҚР Әділет министрінің 2012.24.02. № 84 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 136 бұйрығына 8-қосымша
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеу жөніндегі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Патент Заңының 11-бабының 6-тармағына, 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 1, 2, 3-тармақтарына, 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3-тармағына, 20-бабына, 2001 жылғы 29 маусымдағы «Интегралды микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және өнеркәсіптік меншік объектілеріне ерекше құқықты беру туралы шарттарды тіркеудің рәсімін нақтылайды. 2. Осы Нұсқаулықта келесі негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады: 1) ерекше құқық - өнеркәсіптік меншік объектілерін кез келген тәсілмен қарауына қарай пайдалануға болатын патент иесінің мүліктік құқығы. 2) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары немесе қызмет көрсету таңбалары, селекциялық жетістіктер, интегралдық микросхемалар топологиясы; 3) қорғау құжаттары - өнертабысқа алдын ала патент (2007 жылғы 2 наурыздағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанға дейін берілген), өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге, пайдалы модельге, селекциялық жетістікке патент; инновациялық патент; тауар таңбасына немесе қызмет көрсету таңбасына, интегралдық микросхемалар топологиясына куәлік; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|