ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 29 шілдедегі № 565 бұйрығымен бекітілген
«Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
1. Осы «Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі (бұдан әрі - санитариялық ереже) радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, радиациялық объектілерді жобалауға, пайдалануға енгізуге, күтіп-ұстауға, радиациялық объектілерді пайдаланудан алып тастауға, жабық сәулелену көздерімен және генерирлеуші иондаушы сәулелену құрылғыларымен жұмыс істеу жағдайларына, ашық сәулелену көздерімен (радиоактивті заттар) жұмыс істеу жағдайларына, радионуклидтермен ластанған немесе құрамында радионуклидтер бар материалдар мен бұйымдарды қолдануға, радиоактивті қалдықтарды жинауға, пайдалануға және көмуге, өндірістік радиациялық бақылауды жүзеге асыруға, мұнайгаз кешенінің өндірістік радиациялық объектілеріне, металлоломды бақылауға, жеке қорғаныш және жеке бас гигиенасы құралдарын қолдануға, медициналық сәулелену кезінде пациенттердің және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге, табиғи сәулелену көздерінің әсер етуі кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, радиациялық апаттар кезінде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылды: 1) активтілік (бұдан әрі - А) - осы уақытта осы жағдайда болатын радионуклидтың қандай да бір санының радиоактивтік шамасы:
мұндағы dN - dТ уақыт аралығында болатын, осы энергетикалық жағдайдан күтілетін тосын ядролық түрге айналу саны. Активтілік бірлігі Беккерель (Бк) болып табылады. Бұрын қолданыста болған жүйеден тыс белсенділік бірлігі кюри (Ки) 3,7x1010 Бк құрайды; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|