жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 9 шілдедегі № 707 қаулысымен мақұлданды
Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қоры; Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қоры немесе ЮНФПА Орталық Азия мемлекеттерінің үкіметтеріне Халықтың қоныстануы саласындағы саясатты және ұлттық даму жоспарларында даму стратегияларын әзірлеуге, қабылдауға және іске асыруға жәрдем көрсететіндіктен; Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму бағдарламасының және Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықтың қоныстануы саласындағы қорының Атқарушы кеңесі 2007 жылғы 14 қыркүйектегі 2007/43 қарарында Қазақстан Республикасында ЮНФПА-ның Орталық Азия бойынша кіші өңірлік өкілдігін құруды қоса алғанда, ЮНФПА-ның жаңа ұйымдық құрылымын мақұлдағандықтан; Қазақстан Республикасының Үкіметі ЮНФПА-ның Орталық Азия бойынша кіші өңірлік өкілдігін Алматы қаласында орналастыруды ұсынғандықтан; ЮНФПА Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысын қабылдауды шешкендіктен; Қазақстан Республикасының Үкіметі ЮНФПА-ның Орталық Азия бойынша кіші өңірлік өкілдігіне өз функцияларын өкілдіктің орындауы үшін қажетті барлық артықшылықтарды, иммунитеттерді, босатуларды/айрықшалықтарды беруге және жағдайлар жасауға келіскендіктен; Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 26 тамызда қосылған, БҰҰ Бас Ассамблеясы 1946 жылы 13 ақпанда қабылдаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Артықшылықтар мен иммунитеттер туралы конвенциясы ЮНФПА кіші өңірлік өкілдігінің қызметіне, оның меншігіне, қорларына, қызметкерлері мен сарапшыларына қабылдаушы мемлекетте қолдануға жарамды екенін назарға ала отырып; төмендегілер туралы келісті:
Анықтамалар
Осы Келісімнің мақсаттары үшін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|