ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылдың 18 мамырдағы № 362 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 628 бұйрығына 2-қосымша
Түсті металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық
1. Жалпы ережелер
1. «Түсті металлургия объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық-эпидемиологиялық ережесі (бұдан былай - санитарлық ереже) өнеркәсіп ғимараттарына және құрылыстарға, жабдықтарға, өндірістік үй-жайлардың ауасына, жылуға, желдетуге және жарыққа, физикалық факторлардың көздеріне, түсті металлургия объектілері үшін тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. 2. Осы санитариялық ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады: 1) түсті металлургия объектісі - кен шығару және байытумен, түсті металдар мен олардың құймаларын өндіру және өңдеумен айналысатын кәсіпорын объектісі; 2) кивцэтті құйма - металдарды бір агрегатта ала отырып, шихтаны күйдіру және еріту циклондық пеш пен еріту камерасында жүргізу процесі, ал келесі кезекте құйма шикізаттары (металдарды қалпына келтіру, айдау және конденсациялау) агрегаттың электротермиялық бөлігінде тарамдалады; 3) конвертер - техникалық оттегімен, ауамен немесе басқа да тотықтырғыш газбен үрлеу арқылы штейннан құрыш, мыс алуға арналған агрегат; 4) реторта - әртүрлі заттарды қыздыруға және айдауға арналған бұрып апаратын құбыры бар химиялық ыдыс; 5) фурма - металлургиялық агрегаттарға үрлеуге арналған қондырғы; 6) футеровка - жағу пештерінің, сыйымдылық құбырларының ішкі қорғаушы беті; 7) шликер - қорғасын тазартудың жанама шикізаты.
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|