|
Коммуналдық меншіктегі объектілерді сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 92 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, облыстық коммуналдық меншікті басқару және оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншіктегі объектілерді сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Бақытбек Зүбайраұлы Иманәлиевке жүктелсін. 3. Осы Қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2010 жылғы 02 қыркүйектегі № 236 Қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншіктегі объектілерді сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі нұсқаулық
Жалпы ережелер
1. Осы Коммуналдық меншіктегі объектілерді сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі нұсқаулық (әрі қарай - Нұсқаулық) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді. 2.Осы Нұсқаулықта мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: объект - мүлік кешені немесе коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеменің мүлкі, акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысу үлесі, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілетін өзге де коммуналдық меншіктегі мемлекеттік мүлік; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|