|
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының 2010 жылғы 7 қазандағы № 3-653 Қаулысы
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ж.Даурешов, аудан прокурорының прокурор орынбасары А.Жұмабековтың қатысуымен, ашық сот отырысында сот кеңсесінде аудандық ішкі істер бөлімінен жолданған Дандыбаев Канат Балтабаевичке, 19 қрыкүйек 1975 жылы Атырау облысында дүниеге келген, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, жанұялы, жұмыс жасамайды, тұрағы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Шұғыла мөлтек ауданы, 70 үй, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (әрі қарай ӘҚБК-сі) 467 бабының 1 бөлімімен жинақталған әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Құқық бұзушы К.Дандыбаев 2010 жылдың 28 қыркүйегі күні сағат 00.30 шамасында Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Шұғыла мөлтек ауданы тұсында Ваз-21213 мемлекеттік белгісі Е 173 СРМ автокөлігін алкогольден мас күйінде жүргізіп келе жатырған кезде жол полиция қызметкерлеріне ұсталған. Сөйтіп, құқық бұзушы К.Дандыбаев алкогольден мас күйінде көлік құралын жүргізген. Құқық бұзушы К.Дандыбаев сот отырысында өзінің кінәсін мойындап, 28 қыркүйегі күні сағат 00.30 шамасында тойдан шығып, Ваз-21213 мемлекеттік белгісі Е 173 СРМ автокөлігін алкогольден мас күйінде жүргізіп келе жатырған кезде МАИ қызметкерлері тоқтатқанын айтып түсіндірді. Істің мән-жайларын толықтай зерттеп, прокурордың пікірін тыңдап, сот келесі тұжырымға келеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|