|
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының 2010 жылғы 6 қазандағы № 3-648 Қаулысы
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының судьясы А.Ж.Даурешов, аудан прокурорының прокурор орынбасары А.Жұмабековтың қатысуымен, ашық сот отырысында сот кеңсесінде аудандық ішкі істер бөлімінен жолданған Лұқпанов Кенжебай Сәкенұлына, 14 қаңтар 1979 жылы Атырау облысында дүниеге келген, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, жанұялы, жұмыс орны: Махамбет аудандық су шаруашылығында дәнекерлеуші, тұрағы: Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Шоқпаров көшесі № 79 үй, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (әрі қарай ӘҚБК-сі) 467 бабының 8 бөлімімен жинақталған әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАҒАНЫ: Құқық бұзушы К.Лұқпанов 2010 жылдың 12 қыркүйегі күні сағат 16.00 шамасында Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Есмағамбетов көшесі бойында көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, трактор МТЗ 2 автокөлігін алкогольден мас күйінде жүргізіп келе жатырған кезде жол полиция қызметкерлеріне ұсталған. Сөйтіп, К.Лұқпанов ӘҚБтК-нің 467-ші бабының 8 бөлімінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|