Еңбекші-мигранттар мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың күшіне енуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды
ҚР 2011 жылғы 27 маусымдағы № 422-IV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі, 2000 жылғы 10 қазандағы Еуразиялық экономикалық қауымдастық құру туралы келісімді және 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы келісімді негізге ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының адам құқықтары саласындағы негіз қалаушы құжаттары мен Халықаралық еңбек ұйымының шеңберінде әзірленген қағидаттарға адалдығын ескере отырып, Тараптардың еңбек көші-қоны саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға жәрдемдесу ниетін білдіре отырып, Тараптар мемлекеттері арасындағы еңбек көші-қонының мәні мен ауқымын, заңсыз еңбек көші-қонын болғызбаудың, мәжбүрлі еңбекті жоюдың және еңбекші-мигранттарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етудің маңыздылығын мойындай отырып, төмендегі туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты үшін мынадай терминдер пайдаланылады: еңбек қызметі - еңбекші-мигранттың жұмысқа орналастырушы мемлекеттің аумағында оның заңнамасына сәйкес еңбек шартының негізінде жүзеге асыратын еңбек қызметі; еңбекші-мигрант - Тараптардың бірінің мемлекетінің азаматы болып табылатын, өзі азаматы болып табылмайтын және тұрақты тұрмайтын басқа Тараптың аумағында заңды негізде жүрген және заңды негізде еңбек қызметін жүзеге асыратын адам; еңбекші-мигранттың отбасы мүшесі - еңбекші-мигрантпен некеде тұратын адам, сондай-ақ оның асырауындағы балалары мен жұмысқа орналастырушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес отбасының мүшелері деп танылатын басқа да адамдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|