ҚР Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 85 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 12 наурыздағы № 81 бұйрығына 2-қосымша
Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беру және оны қарау
1. Апелляциялық кеңеске қарсылықтарды беру және оны қарау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Заңына (бұдан әрі - Селекциялық жетістіктер туралы заң), Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Патент заңы» Заңына (бұдан әрі - Патент заңы) және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына (бұдан әрі - Тауар таңбалары туралы заң) сәйкес әзірленді және қарсылықтарды апелляциялық кеңеске берудің және оны қараудың тәртібін белгілейді. 2. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) өнеркәсіптік меншік объектілері - өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылған жердің атаулары, селекциялық жетістіктер; 2) қорғау құжаттары - Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік саласындағы заңдарына сәйкес берілетін құжаттар (өнертабыстарға инновациялық патент және патенттер, өнеркәсіптік үлгілерге, пайдалы модельдерге патенттер, тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына, тауар шығарылған жердің атауына куәліктер, селекциялық жетістіктерге патенттер); 3) Мадрид келісімі - кейіннен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген Таңбаларды халықаралық тіркеу туралы 1891 жылғы 14 сәуірдегі Мадрид келісімі; 4) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын және өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|