| ||||||||||||||||||||
|
|
|
Жоба Қазақстан Республикасының
«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қабылданды - ҚР 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 376-IV Заңын қараңыз
ҚР Заңының жобасы ҚР Үкіметінің 2010.26.10. № 1106 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
1-бап. «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» 2008 жылғы 17 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 20, 80-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын: «6-1) заңнамада белгіленген тәртіппен Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуы бойынша Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның басшысы лауазымына кандидатураны тағайындауға және оны қызметтен босатуға келісім беру туралы мәселені қарайды;»; 2) 10-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «5. Комиссияның қызметін қамтамасыз етуді Кеңес аппараты мен Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»; 3) 14-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын: «2. Жоғарғы Соттың, жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның судья лауазымына бос орынның ашылғаны туралы ұсынысы Кеңестің конкурс өткізуі үшін негіз болып табылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |