Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі туралы ереженің 14-тармағының 2) тармақшасына және 19-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу реестрінде № 6334 тіркелген, 2010 жылы 11 тамызда № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманың 1-қосымшасында: Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының (1-нысан) «Отбасы мүшелерінің тізімі» 1-бөлімі осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының 1-ден 20-ға дейінгі тармақтары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Құқықтық және ұйымдық қамтамасыз ету департаменті Тіркелімдер және сыныптамалар департаментімен бірге заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жауапты хатшысына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|