Осы редакция 2010 жылғы 22 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысымен бекітілген
«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
1. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - стандарт) Қазақстан Республикасының бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу туралы куәлік беру тәртібін анықтайды (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет). 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы мен «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығы негізінде көрсетіледі (бұдан әрі - Аккредиттеу ережесі). 4. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.minfin.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны болып үш жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру табылады. 6. Мемлекеттік қызмет кәсіби бухгалтерлерге үміткерлерді сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы стандарттың 12-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап отыз күнтізбелік күннен аспайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|