Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 298 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөнінде ұлттық кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы № 1211 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: тақырыбындағы, 1-тармақтағы және 2-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы «ұлттық» деген сөз «республикалық» деген сөзбен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі республикалық кеңес туралы ережеде: тақырыбындағы және 1-тармақтағы «ұлттық» деген сөз «республикалық» деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы «адами ресурстарды» деген сөздер «еңбек ресурстарын» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «жұмысын жоспарлайды» деген сөздер «жұмыс жоспарын жоспарлайды және бекітеді» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтағы «, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар мүшелерінің» деген сөздер «мүшелерінің, мемлекеттік даму институттары, жұмыс берушілер қауымдастығы, білім беру органдары, кәсіподақтар басшыларының» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы «жарты жылда» деген сөздер «бір тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі ұлттық кеңестің құрамына мыналар енгізілсін:
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|