Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі 2009-2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Мемлекеттік мекемелер - облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 22 шілдедегі № 444 бұйрығына: көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік мекемелер - облыстардың, Астана, Алматы қалаларының және көліктегі ішкі істер департаменттері туралы ережелерде: 20-тармақ мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын: «14-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және көрсетілген жұмыс үшін дербес жауапкершілікте болады;»; 2) «Мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 18 шілдедегі № 271 бұйрығына: көрсетілген бұйрықпен бекітілген мемлекеттік мекемелер - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары туралы ережелерде: 20-тармақ мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|