ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004* өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т. Орынбаевтың 2010 жылғы 9 маусымдағы № 20-20/И-269 тапсырмасын орындау үшін, сондай-ақ сәулет, қала құрыдысы және құрылыс саласында мемлекеттік нормативтерді жетілдіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Жалпы білім беретін мекемелер» ҚР ҚНжЕ 3.02-25-2004* нормативтік-техникалық құжатына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: «Қолдану саласы» деген 1-бөлімде: үшінші абзацта: «шағын мектептерден басқа,» деген сөздер алынып тасталсын; төртінші абзац алынып тасталсын; «Нормативтік сілтемелер» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілдедегі № 570 бұйрығымен бекітілген «Оқушыларға жалпы білім беретін және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері мен нормалары»; «Жалпы талаптар» деген 4-бөлімнің «Үй-жайлардың функционалды топтарына, құрамына және алаңдарына қойылатын талаптар» деген 4.4-кіші бөлімінің 4.4.5*-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «300 оқушыға дейінгі шағын мектептер үй-жайларының құрамы мен алаңдарына қойылатын негізгі талаптар 28*-1-қосымшада келтірілген. 28*-1-қосымшада көрсетілмеген шағын мектептерді жобалау және салу нормаларын барлық жалпы білім беретін мектептерге қолдану керек.»; 2-қосымша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Шағын мектептер - саны жағынан оқушылары аз, сынып - комплектілері біріктірілген сабақ жүргізілуі өзгеше ұйымдастырылған жалпы білім беретін мектеп»; «300 оқушыға дейінгі шағын мектептер үй-жайларының құрамы мен алаңдарына қойылатын талаптар» деген 28*-1-қосымшамен толықтырылсын (қоса берілген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|