|
Еңбек жағдайларының өзгеруіне байланысты қызметкер жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан кезде ғана еңбек шартын тоқтатуға жол беріледі
Талапкер М. жауапкер «Шығыс Қазақстан облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнына бұрынғы жұмысына қайта орналастыру және еріксіз бос жүрген уақытқа еңбекақы өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Шығыс Қазақстан облысы Аякөз аудандық сотының шешімімен М.-ның талап арызы қанағаттандырылып, бұрынғы жұмысына қайта орналастыруға, жауапкерден талапкердің пайдасына бір жылғы орташа еңбекақысының жартысын өндіруге шешім шығарылған. Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының қаулысымен сот шешімі бұзылып, М.-ның талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылданған. Талапкер М. сотқа берген өтінішінде өз ісіне қатысты материалдық құқық нормалары дұрыс қолданылмағанын және жауапкер «Шығыс Қазақстан облысының статистика жөніндегі есептеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны өзіне сырттай жалған тәртіптік шаралар қолданғанын, сол себепті апелляциялық алқаның қаулысымен келіспейтінін көрсетіп, қаулының күшін жойып, бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдыруды сұраған. Жоғарғы Соттың қадағалау сот алқасы іс материалдарын зерттей келе, өтініш төмендегі негіздерге байланысты қанағаттандырылуға жатады деген тұжырымға келді. АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес, материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының елеулі түрде бұзылуы соттың заңды күшіне енген шешімдерін, ұйғарымдарын, қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады, апелляциялық сатыдағы сот іс бойынша осындай кемшіліктерге жол бер-ген. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|