Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысыменбекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін. 3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, кәсіпорындар мен ұйымдар (келісім бойынша) «Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекітілген Салалық бағдарламаларды әзірлеу және мониторингілеу ережесіне сәйкес Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктелсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысымен бекітілген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫН ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2010 - 2014 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
Мазмұны
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|