Үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастық туралы
ҚР 2011 жылғы 28 маусымдағы № 445-IV Заңымен ратификацияланды 2012 жылғы 1 қаңтарда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі, 1999 жылғы 26 ақпандағы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік туралы шартты басшылыққа ала отырып, Тараптар мемлекеттері азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету міндетін басым деп есептей отырып, үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі ынтымақтастықты Тараптар мемлекеттерінің аумағындағы көші-қон процестерін реттеудің маңызды бағыттардың бірі ретінде қарай отырып, халықаралық құқық және Тараптар мемлекеттері заңнамасының нормаларын негізге ала отырып, үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөнінде Тараптардың ынтымақтастығы үшін құқықтық негіз жасауға ұмтыла отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісім үшінші мемлекеттерден келген заңсыз еңбек көші-қонына қарсы іс-қимыл жөніндегі Тараптар ынтымақтастығының бағыттары мен нысандарын айқындайды. Осы Келісім Тараптардың бірі мемлекетінің аумағына осы Тарап мемлекетінің заңнамасында көзделген тәртіппен баспана немесе босқын мәртебесін алу мақсатында үшінші мемлекеттерден келген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Келісімнің мақсаттары үшін онда қолданылатын терминдердің мынадай мағынасы болады: келу мемлекеті - аумағына үшінші мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келетін Тараптардың бірінің мемлекеті; үшінші мемлекет - осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекет; үшінші мемлекеттердің азаматтары - осы Келісімнің қатысушысы болып табылмайтын мемлекеттердің азаматтары; уәкілетті органдар - құзыретіне осы Келісімнің ережелерін іске асыру кіретін Тараптар мемлекеттерінің органдары; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|