Алматы қаласы әкімдігі жанынан техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігі жанынан техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңес құрылсын (бұдан әрі - Кеңес). 2. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсін: 1) Кеңес туралы ереже; 2) Кеңес құрамы. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
2010 жылғы 17 қыркүйектегі № 3/600 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңес туралы ереже
1. Негізгі ережелер
1. Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Алматы қаласы әкімдігі жанындағы кеңестік-мәжілістік орган болып табылады. 2. Кеңес қызметінің мақсаты Алматы қаласының еңбек нарығын білікті мамандармен қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіруге ықпал ету болып табылады. 3. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының, Алматы қаласы әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен құқықтары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|