Өңірде қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге әлеуметтік көмек тағайындау туралы (2012.13.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 224 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, ауылдық елді мекенде орналасқан білім, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік кешен, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт мемлекеттік мекемелерін, мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Өңірге қажет мамандықтар бойынша білім алушы студенттерге (бұдан әрі - Студенттер) Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалавр академиялық дәрежесін алу үшін білім беру қызметіне төлеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) белгіленсін. 2. Әлеуметтік көмек күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын Маңғыстау облысының жастарына тағайындылатын болып белгіленсін. 3. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім Студенттердің біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлерінің негізінде қабылданатын болып белгіленсін. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2011.14.06. № 190 шешімімен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Студенттің әлеуметтік мәртебесі, оқу жүзеге асырылатын мамандыққа деген қажеттілік, оқуды аяқтап, бакалавр академиялық дәрежесін алғаннан кейін мамандығы бойынша ауылдық жерде кемінде 3 (үш) жыл жұмыс істеуге дайындығын білдіруі біліктілік сипаттамаларын бағалау критерийлері болып табылады. 5. Әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім, Әлеуметтік көмек тағайындауға Студенттерді іріктеу жөніндегі облыстық конкурстық комиссиямен (бұдан әрі - Комиссия) Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қорытындысы негізінде қабылданатын болып белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|