Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 және 2006 жылғы 2 наурыздағы
№ 145 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 маусымдағы № 855 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 29 шілдедегі № 789 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы жер қойнауын пайдаланудың иеліктен алынатын құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) мемлекеттің сатып алуы мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгізілсін:
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары; |
Алдашев Рүстем Ағыбайұлы | - Қазақстан Республикасы әнергетика және минералдық ресурстар министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры; |
Бекетаев Марат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі; |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі; |
Сүлейменов Тимур Мұратұлы | - Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Рыспанов Нұрлан Бектасұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тау-кен активтерін басқару жөніндегі директоры (келісім бойынша); |
Балжанов Асқар Құрманұлы | - «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Асқар Болатұлы Баталов, Ғалымжан Олжаұлы Пірматов, Дулат Рашитұлы Құсдәулетов, Саяхат Алпысұлы Қонақаев, Дәулет Еділұлы Ерғожин, Кенжебек Ниязұлы Ибрашев шығарылсын;
2) «Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 145 қаулысында:
көрсетілген қаулымен құрылған жер қойнауын пайдалану құқығын алуға конкурстар өткізу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Сафинов Қанатбек Бейсенбекұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің жауапты хатшысы, төрағаның орынбасары; |
Сәрсенов Бауыржан Нұрланұлы | - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары; |
Төрекелдиев Сүйіндік Мырзагелдіұлы | - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары; |
Тоқтабаев Тимур Серікұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары; |
Рахымбаев Тоғанас Қуандықұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңға тәуелді актілер департаментінің бас сарапшысы; |
Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мамандандырылған басқармасының бастығы; |
мына:
«Алдашев Рүстем Ағыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары, хатшы» |
деген жолда «министрлігінің Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаменті директорының орынбасары» деген сөздер «министрлігі Жер қойнауын пайдалануға тікелей инвестициялар департаментінің директоры» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген құрамнан Асқар Болатұлы Баталов, Саяхат Алпысұлы Қонақаев, Еділ Құламқадырұлы Мамытбеков, Дархан Әбдіманапұлы Бәкіров, Әуесбек Зпашұлы Тәутеев, Ерлан Баққожаұлы Мұқай шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |