Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1272 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын орындаудың толықтығын және уақтылығын талдауды, оның ішінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатында жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер жолымен жүзеге асыру бақылау болып табылады. 3. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары - бұл мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелер көрсеткіштерін айқындайтын, қаржыландыру көлемі бар бюджеттік бағдарламаларды қамтитын құжат. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды үйлестіруді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жүзеге асырады. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бақылауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|