Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың қадамдық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңестің 2010 жылғы 25 сәуірдегі № 01-7.7 хаттамасының 2.4-тармағын іске асыру мақсатында: 1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың қадамдық жоспары (бұдан әрі - Қадамдық жоспар) бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша), сондай-ақ өзге де ұйымдар (келісім бойынша): 1) Қадамдық жоспарды іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын; 2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне Қадамдық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қадамдық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беруді қамтамасыз етсін.
Премьер-Министрінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 156-ө өкімімен бекітілген
Екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасын жақсартудың қадамдық жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|