1994 жылы туған жастарды Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағы 13-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын: 1. Қосымшаға сәйкес 2011 жылдың қаңтарынан наурызына дейін 1994 жылы туған жастарды, сондай-ақ бұрын тізімге алынбаған ересектерді Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алу жүргізілсін. 2. Ұсынылсын: 1) меншік нысанына қарамастан ұйымдардың, мекемелердің және оқу орындарының басшыларына талап етілетін құжаттарымен тізімге алынатын жастардың Павлодар қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына уақытында келуін қамтамасыз етсін; 2) емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері тізімге алу жұмысы басталысымен жастар арасында емдеу-сауықтыру жұмысын ұйымдастырсын және емдеуді қажет ететіндерді жасөспірімдер кабинеттеріне дербес есепке алсын. Жасөспірімдер дәрігерлерінің жастарды медициналық куәландыруда қатысуын ұйымдастырсын. 3. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 1994 жылы туған жастарды, сондай-ақ бұрын тізімге алынбаған ересектерді шақыру учаскесіне тізімге алуды ұйымдастыру мен өткізу үшін шығыс сметасына сәйкес ақша қаражатын бөлсін. 4. Павлодар қаласы әкімінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы «1993 жылы туған жастарды Павлодар қаласының шақыру учаскесіне тізімге алуды жүргізу туралы» № 39 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-1-149 тіркелген, 2010 жылғы 2 ақпандағы «Сарыарқа самалы» № 11 газетінде, 2010 жылғы 1 ақпандағы «Версия» № 4 газетінде, 2010 жылғы 8 ақпандағы «Версия» № 5 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|