«Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 394 Бұйрығымен күші жойылды
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қалпына келтіру емін көрсету және медициналық оңалту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 19 қазандағы № 542 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 11 қарашада № 5853 тіркелген және «Заң газетінде» 2009 жылғы қарашада № 179 жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін: Бұйрықтың 1-тармағындағы «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен және тыныс белгісімен толықтырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ережеде: атауындағы «медициналық оңалту» деген сөздерден кейін «, оның ішінде балаларды медициналық оңалту» деген сөздермен толықтырылсын 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Ереже қалпына келтіру емін және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту көмегін көрсету тәртібін және оны ұйымдастыруға қойылатын жалпы талаптарды айқындайды.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|